АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНДАҒЫ JUNIPERUS SERAVSCHANICA KOM. ҚАТЫСУЫМЕН КЕЙБІР ӨСІМДІКТЕР БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ФЛОРАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Авторлар

  • M. M. Yermagambetova ШЖҚ РМК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты», Алматы, Қазақстан; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан, http://orcid.org/0000-0002-4737-2384
  • A. A. Ivashchenko ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты», Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-2231-6837
  • S. I. Abugalieva ШЖҚ РМК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты», Алматы, Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-9748-507X
  • S. S. Almerekova ШЖҚ РМК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты», Алматы, Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-6079-264X

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v76.i3.010
        115 81

Аннотация

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында Қызыл кітапқа енген Juniperus seravschanica Kom. түрінің қатысуымен өсімдіктер бірлестігінің флоралық құрамы зерттелді. Зеравшан аршасының 8 ценопопуляциядан тұратын 3 популяциясы зерттелді. J. seravschanica қатысуымен зерттелген өсімдік қауымдастығындағы түрлердің жиынтық тізіміне 51 тұқымдасқа жататын175 туыстың 254 түрі кіреді. Олардың көпшілігін шөптесін өсімдіктерден (87 %), сондай-ақ ағаштар мен бұталардың – 32 түрінен (13 %) тұрады. Жалпы тізімнің 56% 11 негізгі тұқымдас өкілдері құрайды: Apiaceae Lindl., Asteraceae Dumort., Brassicaceae Burnett, Scrophulariaceae Juss., Caryophyllaceae Juss., Fabaceae Lindl., Lamiaceae Lindl., Liliaceae Juss., Poaceae Barnhart, Ranunculaceae Juss. және Rosaceae Juss. Бұл бірлестіктердің құрамында Қазақстанның Қызыл кітабына енген басқа да сирек түрлердің бар екені анықталды – Ungernia sewerzowii (Regel) B. Fedtsch., Mediasia macrophylla (Regel ex Schmalh.) Pimenov., Arum korolkowii Regel, Eminium lehmannii (Bunge) O.Kuntze, Centaurea turkestanica Franch., Celtis caucasica Willd., Allochrusa gypsophiloides (Regel) Schischk., Euonymus koopmannii Lauche, Rhaphidophyton regelii (Bunge) Iljin, Colchicum luteum Baker, Medicago tianschanica Vassilcz., Juno coerulea (B. Fedtsch.) Poljak., Tulipa greigii Regel, Tulipa kaufmanniana Regel, Malus sieversii (Ledeb.) M. Roem. және Valeriana chionophila Popov & Kult. J. seravschanica маңызды орман түзетін, суды, топырақты қорғау және селге қарсы маңызы бар экологиялық рөл атқаратындықтан, оның қатысуымен ценопопуляциялардың қазіргі жағдайын зерттеу нәтижелері Батыс Тянь-Шаньдағы генетикалық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану үшін құнды ақпарат көзі бола алады. Алынған нәтижелер жабайы өсімдік түрлерінің, оның ішінде Juniperus туысы түрлерінің генетикалық алуантүрлілігін зерттеуде қолданылады.

Түйін сөздер: Juniperus seravschanica, түрлер, өсімдіктер бірлестігі, ценопопуляция, популяция, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, флоралық құрамы.

Жүктелулер

Как цитировать

Yermagambetova, M. M., Ivashchenko, A. A., Abugalieva, S. I., & Almerekova, S. S. (2023). АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНДАҒЫ JUNIPERUS SERAVSCHANICA KOM. ҚАТЫСУЫМЕН КЕЙБІР ӨСІМДІКТЕР БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ФЛОРАЛЫҚ ҚҰРАМЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 76(3). https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v76.i3.010

Шығарылым

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ